Елордадағы ауызсудың сапасы талапқа сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы ауызсудың сапасы талапқа сай

09.10.2019

Елордадағы ауызсудың сапасы барлық талапқа сай. Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында «Астана су арнасының» бас директоры осылай деді. Жиында сапалы су алу ғимараттарын, су құбырларын, коммуналдық желілер салу арқылы судың жеткізілуін қамтамасыз ету керектігі айтылды. Табиғат Зейнұлқабденнің сөзінше, ыстық суға қатысты әлеуметтік желідегі шағымдар бойынша тексерулер жүргізілген. Жылыту маусымына қатысты түрлі тазартуларға байланысты судың сапасы төмендеген. 

Сондай-ақ, елордада жүздеген шақырым су құбырларын да жаңарту керектігі сөз болды. «Олардың басым бөлігі Сарыарқа, Байқоңыр аудандарында», - деді «Астана су арнасының» басшысы.      

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу