Д.Назарбаева РФ Федералды кеңесінің комитет төрағасы К.Косачевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Назарбаева РФ Федералды кеңесінің комитет төрағасы К.Косачевпен кездесті

23.05.2019

Парламент Сенатының спикері, Еуразиялық медиа форумының ұйымдастыру комитетінің басшысы Дариға Назарбаева Ресей Федерациясының Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачевпен кездесті.

Екі тарап  әлемдік медиа кеңістігіндегі Еуразиялық медиа форумның рөлін талқылады. Ресейлік сенатор форум жаһандық және аймақтық ауқымдағы өзекті мәселелерді көтеруге қажетті пікірталас алаңына айналғанын атап өтті.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың теңдесі жоқ әлеуетін айтты.

Сондай-ақ, Парламент Сенаты мен Федерация Кеңесінің салалық комитеттері арасындағы әріптестік жайына тоқталды. Константин Косачев Сенат басшысына Ресей Федерациясына сапармен келуге шақырды.

Индира Бегайдар                                              

Хабарламаларға жазылу