Басты Жаңалықтар Қазақ-Әзірбайжан ынтымағы кеңейеді

Қазақ-Әзірбайжан ынтымағы кеңейеді

Қазақ-Әзірбайжан ынтымағы кеңейеді

Қазақстан мен Әзірбайжан арасында ынтымақтастық нығая түсуде. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық  аймағында  әзірбайжандық өндіріс және логистика орталығының іргетасы қаланды. 

Бұл орталықтың құрылысы осы жылдың желтоқсанында аяқталады,- деген жоспар бар. Онда Маңғыстау өңіріне саудаға шығарылатын көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймалары болады.

5 гектарға жуық аумаққа салынатын құрылыстың 10 мың шаршы метрі тоңазытқыштармен  жабдықталған қоймаларға  бөлінеді. Бұл жоба екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтіп, халықаралық көлік тасымалын дамытуға ықпал етеді. Шара соңы тараптардың кәсіпкерлері бас қосқан бизнес-форумға ұласты.

Шахин Мустафаев, Әзірбайжан Республикасының экономика және өнеркәсіп министрі:

Әзірбайжан қазақ экономикасына қызыға қарайды. Экономикалық қарым-қатынасты күшейту көрші елдерге қиынға соқпайды. Екі елдің әлеуетін жақсартатын жобаларды жүзеге асырмақпыз. Транзит дәлізі ұлғайып, сапалы өнімге қол жеткізетін боласыздар.

Жазира ӘБІЛ

Бөлісу