Басты Жаңалықтар Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет

Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет

Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форум өтті. Бұл – Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы.

Форумға Халық кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Диалог алаңында мыңға жуық қоғамдық ұйым өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты. Олар ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық әдеп, кітап оқу мәдениетін дамыту жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Президенттің «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалысатындарын айтты. Форумда Халық кеңесінің басты міндеті – жұртшылықты Президент реформалары мен бастамалары төңірегінде топтастыру екендігі аталып өтті.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы:

Қазір еліміз тарихи өрлеу дәуіріне қадам басты. Ел өмірінің барлық саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылып, мемлекеттік басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр. Осындай тағдыршешті кезеңде біз біртұтас ұлт болып, жаңа Конституциямызды қабылдадық. Конституция – еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын қастерлі құжат әрі халқымыздың жаңа дәуірдегі болмыс-бітімін айқындайтын темірқазық.

Бөлісу