Басты Жаңалықтар «TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда

«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда

Астанада 20 елден келген 230 компания «TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесінде бас қосты. Олар теңіз порттары, автокөлік техникасын өндіру, вагон жасау мен тасымалдаушы транспорттарды жөндеу бойынша жаһандағы жетекші ұйымдар. Үш күнге жоспарланған көрмеде халықаралық көлік дәліздерін дамыту, жүк тасымалы мен қойма логистикасын жетілдіру, сондай-ақ салаға жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланады. Биыл алғаш рет 700-ден астам компанияны біріктіретін Түркия қызмет экспорты  қауымдастығы қатысып жатыр. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шараға тіркелген компаниялардың үздік үштігінде Қазақстан, Ресей мен Қытай да бар. 

Фатих Өзер, Түркия қызмет экспорты қауымдастығының бас хатшысы:

Қазақстан көлік дәліздерінің көбі тоғысатын маңызды алаңда орналасқан. Ал Түркия Аустралия мен Еуропаға өтетін жолда. Бұл екі ел әлемдегі көлік логистика статистикасында жиі тіркелетін аймақ. Бұған дейін біз теміржол тасымалына жауапты мамандарымызды осында жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға жібергенбіз. Іскерлік байланыс мұнымен шектелмеуі қажет. Сондықтан өз ұсыныстарымызды айту үшін осы форумға келіп тұрмыз.

Жәнібек Тайжанов, ҚР Көлік вице-министрі:

Қазақстанда көлік логистика саласы қарқынды дамып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымал көлемі 39 млн тоннаға жуықтаған. Енді 2030 жылға дейін көрсеткішті 67 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бөлісу