Жамбыл облысының Қаратау қаласында 60 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының Қаратау қаласында 60 отбасы баспаналы болды

02.05.2019

Пәтер кілті қолына тигендердің көпшілігі - әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар. Көптен күткен қуанышқа кенелгендердің бірі – Эльмира Ақжанова. 5 баланың анасы осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келгендерін айтады. Енді міне, 6 жылдан кейін 4 бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отыр. 

Эльмира Ақжанова, көпбалалы ана:

- Иә, осы уақытқа дейін жалдамалы үйде тұрып келгенбіз. 2 бөлмелі үйде 5 баламмен, жолдасыммен, 7 адам болып. Аллаға шүкір, міне, Елбасымыздың осындай бағдарламасының арқасында тұрғын үйге қол жеткізіп отырмыз.

Айта кетейік, өндірістік қалада арендалық тұрғын үй кезегінде 1500 азамат тұр. Аудан басшылары бұл отбасыларға пәтер кезегі келгенше жатақханамен қамтамасыз етпек. Ал, жыл соңына дейін тағы 2 тұрғын үй ел игілігіне беріледі. Осылайша 143 әлеуметтік аз қамтылған отбасы баспаналы болады деген жоспар бар.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ 

Хабарламаларға жазылу