Қазақстанда «Жасыл офис» байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Жасыл офис» байқауы өтеді

30.04.2019

Оған елдегі әртүрлі салалар бойынша барлық кеңселер қатыса алады. Жоба шарттарына сай, кеңсе және оның қызметкерлері «жасыл» технологиялар мен қауіпсіз құралдардың негізінде жұмыс істеуі тиіс. Яғни, ғимараттағы жарық, жылу, су арнайы құрылғылармен жарақталған, ал, жұмысшылар өзара құжат алмасу процестерін электронды нұсқада жүзеге асырады. Сөйтіп, қағаз үнемдеп, артық сатып алудан бас тартады.

Бұдан бөлек, қалдықтарды сұрыптап, тиісті жәшіктерге салуы тиіс. Бұл – қоршаған ортаны ластауға және адам денсаулығын сақтауға зор септігін тигізбек. «Жасыл» идея мен сананы қалыптастыруға бақытталған байқау, тамыздың 20-на дейін жалғасады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу