Ақмола облысында «Шағын-ЭКСПО-2014» байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «Шағын-ЭКСПО-2014» байқауы өтеді

04.09.2014
Ақмола облысында «Шағын-ЭКСПО-2014»  байқауы  өтеді

Ақмола облысында «Шағын-ЭКСПО-2014»  аймақтық байқауы өтеді.  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында көрмені ұйымдастыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Отырыс барысында Қазақстанда EXPO көрмесін өткізудің маңыздылығы, ел экономикасына «жасыл» технологияларды енгізу  мәселелері  талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме алаңында аймақтағы «жасыл экономиканы» дамытуда  ең ірі әлеуеті бар энергетика секторын, ауыл шаруашылығы, су ресустары және қалдықтарды кәдеге жарату бойынша  инновациялық идеялар мен ғылыми жобалар қойылмақ.  

«Шара бизнестің, азаматтық қоғамның және жергілікті атқарушы органдардың  «жасыл экономика» идеясын белсенді жүзеге асыруға жұмылдырады», дейді «Education Invest» қорының төрайымы Мәриям Әбішева.

«Education Invest» қоры сондай-ақ,  EXPO-2017 көрмесінің аясында жастар арасында «Akmola power» байқауын ұйымдастыған болатын. Байқау бойынша 43 үздік жоба іріктеліп алынды.


 

Хабарламаларға жазылу