Ақтөбеде «Степной аккорд-2015» IV Халықаралық авторлық бард әндерінің фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Степной аккорд-2015» IV Халықаралық авторлық бард әндерінің фестивалі өтеді

11.07.2015
Ақтөбеде «Степной аккорд-2015» IV Халықаралық авторлық бард әндерінің фестивалі өтеді

Ақтөбеде 17-19 шілде аралығында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Степной аккорд-2015» IV Халықаралық авторлық бард әндерінің фестивалі өтеді.

Шараға қалалық әкімдік, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен қалалық Мәдениет үйі қолдау білдіріп отыр.

Фестиваль Сазды су қоймасының жасыл алаңында өткізіледі.

Байқау 2 тур бойынша өтеді:

І  тур -  жеке топтар бойынша қазылар алқасының тыңдауы;

ІІ тур - конкурстық концерт.

Шара аясында балалар арасында құмнан мүсіндер жасау, сурет салу байқауы, спорт түрлерінен жарыстар, сонымен қатар, қолөнер бұйымдарының көрме-саудасы ұйымдастырылады.

Қазылар алқасы мүшелерінің қатарында қазақстандық және шетелдік танымал орындаушылар бар.

Шара мақсаты - үздік авторлық әндерді насихаттап, шығармашылық тұлғалар арасында достық қарым-қатынасты дамыту.  

Хабарламаларға жазылу