Биыл Қазақстанда 6 шетелдік ЖОО-ның бірлескен филиалын ашу жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда 6 шетелдік ЖОО-ның бірлескен филиалын ашу жоспарланған

17.05.2023

Биыл Қазақстанда 6 шетелдік жоғары оқу орынның бірлескен филиалын ашу жоспарланған. Бұл туралы елордада өткен Берлин Еуразиялық клубының 37-ші отырысында айтылды. Ал 2029 жылға қарай тағы 4 білім ошағының филиалы талапкерлерді қабылдайтын болады. Іс-шараға екі елдің 100-ден астам делегаты қатысты. Басқосуда елімізде жоғары техникалық және кәсіптік білімді дамыту тетіктері талқыланды. Отандық зерттеушілердің шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша «500 ғалым» бағдарламасы пысықталды. Сонымен қатар тараптар дуалды оқыту бойынша тәжірибені ширатуға уағдаласты. Айта кетейік, Берлин Еуразиялық клубының отырысы жылына үш рет Астанада, Брюссельде және Берлинде өтеді.

Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы шығыс комитетінің Орталық Азия бойынша директоры:

Германия Қазақстанда бірлескен техникалық университеттің филиалын ашуды жоспарлап отыр. Қазір жасыл экономика, жасыл технология саласында мамандар даярлау бойынша ынтымақтастықты арттыру тетіктері қарастырылып жатыр. Білім ошағының филиалы Ақтау қаласында ашылуы мүмкін.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу