Студенттер арасында EXPO-2017 тақырыбында эссе байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер арасында EXPO-2017 тақырыбында эссе байқауы өтеді

27.02.2014
Студенттер арасында EXPO-2017 тақырыбында эссе байқауы өтеді
 
10 ақпан - 31 наурыз аралығында студенттер арасында «Қазақстанға арналған менің идеям» эссе байқауы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 
 
«Жасыл» экономика мен G-Global дамуы үшін коалициясы» ЗТБ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп,«Жасыл экономикаға» бағытталған Қазақстан жолы: ол қандай?» және «Менің EXPO -2017 туралы түсінігім» тақырыптары бойынша студенттік эссе байқауын өткізетінін хабарлайды», - делінген хабарламада.
 
Байқауға 16-24 жастағы орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Қатысушылар жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қазақ немесе орыс тілінде эссе жазып, greenkaz.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс. Тақырыпта қатысушының тегі мен аты-жөні жазылады.
 
«Эссенің көлемі 1-3 бет, Microsoft Word редакторында, Times New Roman-12 шрифтімен жазылуы керек. Алаңдары - жоғары және төмен - 2 см, сол жақтан - 3 см, оң жақтан - 1,5 см. Эссе файлдың атауы: Тегі, аты-жөні. Эссе мәтінінен кейін қатысушының аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, қаласы, оқу орны, e-mail, байланыс телефоны жазылады. Эссе қабылданатын соңғы мерзім - 2014 жылғы 31 наурыз», - делінген хабарламада.
 
Жеңімпаздардың аты-жөні 25 сәуірде ұйымдастырушылар сайтында жарияланады.
 
Айта кетейік, эссе инновациялық көзқарасы, бірегей ойлау қабілеті, сараптау, тақырыпты білу және ол туралы ой-толғау қабілеттілігі сынды критерилер бойынша бағаланады. Жеңімпаздарды марапаттау 21-23 мамырда Тә уелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумында өтеді.

Хабарламаларға жазылу