АҚШ Қазақстанда газ-электр станциясын салуға грант бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Қазақстанда газ-электр станциясын салуға грант бөлді

30.06.2014
АҚШ Қазақстанда газ-электр станциясын салуға грант бөлді

Еліміздің солтүстік-батыс өңірі  электр энергиясына мұқтаж. Ол үшін Ақтөбе облысында қосымша қуат өндіру көзі, яғни, газ-электр станциясын салу қажет.

Алдымен нысанның техникалық-экономикалық негіздемесін зерттеу керек. Осыған АҚШ-тың  Сауда және даму агенттігі грант бөліп, бүгін Алматыда «Батыс транзит» энергетика компаниясымен ортақ құжатқа қол қойды.

Айта кету керек, құны  744 мың АҚШ доллары болатын грант «Батыс транзит» АҚ-ның экологиялық  таза энергетика өндірісін кеңейтуге көмектеседі.

Яғни, газбен қамтамасыз етілетін қуаттылығы 25-100 мегаваттық станция салып, жаңартылмалы қуат көздерін өндіруге мүмкіндік береді.

Джон Ордвей, Қазақстандағы АҚШ уәкілдігінің уақытша сенімді өкілі:

Ақтөбеде салынатын газ-электр станциясы меніңше, аймақтың ғана емес, Қазақстан экономикасының да дамуына өзіндік үлес қоспақ. Біздің тараптың алға қойған мақсаты - қоршаған ортаны ластанудан сақтау. Сондықтан, бұл жоба бүгінгі таңда арзандығы өз алдына, тиімділігі, қоршаған ортаға пайдалылығымен де маңызды.

 

Жазира Исаева

Хабарламаларға жазылу