«Maersk Oil» компаниясы мұнай-газ игеруде әлемдегі 25 үздіктің қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Maersk Oil» компаниясы мұнай-газ игеруде әлемдегі 25 үздіктің қатарында

27.06.2014
Қазақстан - инвесторлар үшін жайлы ел. Бұған дәлел соңғы 4 жылда 600-ден астам жоба іске қосылып, 70 мыңдай жұмыс орны ашылды.
 
Бұл жобалардың әрбір жетіншісі тікелей шетелдік инвестициялардың еншісінде.
 
Мұнай-газ игеруде әлемдегі 25 үздіктің тізіміне кіретін   «Maersk Oil» компаниясы Маңғыстау өңірінде жемісті еңбек етіп келеді.
 
Өлкедегі Доңға кен орнында қара алтын игерумен айналысып, «Доңға-Фаза 2» атты жобаны қолға алған.
 
Осы күнге дейін инвестициялық жобаларға құйған қаржы көлемі - 1 миллиард АҚШ доллары. Қазіргі таңда 198 ұңғыманының 110-да бұрғылау жұмыстары аяқталды.
 
Ал, компаниядағы қызметкерлердің 90 пайыздан астамы  қазақстандық болса, мердігерлері де - жергілікті мамандар.
 
Инвесторлар үшін корпоративтік табыс және жер салығы, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік салығынан босату - үлкен жеңілдік. Осындай зор мүмкіндіктерді ескерген олар Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынасты нығайта түсуді жөн санайды.
 
Питер Холдин, Қазақстандағы «Maersk Oil» компаниясының коммерциялық директоры:
«Maersk Oil» осы қатынаста Президенттің көзқарасы мен көреген саясатын қолдайды. Мемлекеттің қарқынды дамуын қамтамасыз етуде шетел инвестициясының рөлі ерекше екеніне біз толық келісеміз. Өзара серіктестік аясында Қазақстанға жоғары деңгейде экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайда әкелу үшін инвестициялық капиталымызды дұрыс жұмсап, жаңа технологиялар тартуға қарсы емеспіз. Біз Қазақстанның болашағына сенеміз. Қаржыны елдің мұнай-газ саласына, әсіресе Маңғыстау өңіріне құюға дайынбыз.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу