«Maersk Oil» компаниясы мұнай-газ игеруде әлемдегі 25 үздіктің қатарында
Бұл жобалардың әрбір жетіншісі тікелей шетелдік инвестициялардың еншісінде.
Мұнай-газ игеруде әлемдегі 25 үздіктің тізіміне кіретін «Maersk Oil» компаниясы Маңғыстау өңірінде жемісті еңбек етіп келеді.
Өлкедегі Доңға кен орнында «қара алтын» игерумен айналысып, «Доңға-Фаза 2» атты жобаны қолға алған.
Осы күнге дейін инвестициялық жобаларға құйған қаржы көлемі - 1 миллиард АҚШ доллары. Қазіргі таңда 198 ұңғыманың 110-да бұрғылау жұмыстары аяқталды.
Ал, компаниядағы қызметкерлердің 90 пайыздан астамы қазақстандық болса, мердігерлері де - жергілікті мамандар.
Инвесторлар үшін корпоративтік табыс және жер салығы, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік салығынан босату - үлкен жеңілдік. Осындай зор мүмкіндіктерді ескерген олар Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынасты нығайта түсуді жөн санайды.
Питер Холдин, Қазақстандағы «Maersk Oil» компаниясының коммерциялық директоры:
«Maersk Oil» осы қатынаста Президенттің көзқарасы мен көреген саясатын қолдайды. Мемлекеттің қарқынды дамуын қамтамасыз етуде шетел инвестициясының рөлі ерекше екеніне біз толық келісеміз. Өзара серіктестік аясында Қазақстанға жоғары деңгейде экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайда әкелу үшін инвестициялық капиталымызды дұрыс жұмсап, жаңа технологиялар тартуға қарсы емеспіз. Біз Қазақстанның болашағына сенеміз. Қаржыны елдің мұнай-газ саласына, әсіресе, Маңғыстау өңіріне құюға дайынбыз.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08