«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өтті

05.04.2019

Елді-мекендерге шабуыл жасалса, елдегі қарулы күштердің тойтарыс беруге қарымы  мықты. Қызметкерлердің ұрысты жүргізу тактикасы тексеріліп, пысықталды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында  жалпы әскери және десанттық шабуылдау бригадаларының командирлерімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өтті. Шынайы көріністе әскерилердің ептіліктері мен дайындықтары таразыланды. Әскери техникалардың практикалық іс-қимылдары тексерілді. Қақтығыстар ауылда емес, қалалық жерлерде сипат алуы ықтимал. Себебі, қоғамда урбанизацияланудың көрсеткіші жоғары. Осы себептен жауынгерлік іс-қимылдарға дайындық қалалық жерлердің нұсқаулары бойынша өткізіліп жатыр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу