Қазақ әскерлері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ әскерлері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті

03.05.2016
Қазақ әскерлері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті
Қазақ әскерлері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті

ҚР Қарулы Күштерінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімінің базасында ашық есік күні өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қзыметі хабарлады.

Әскери бөлімде заманауи армияның қауқары мен қуаттылығын 200-ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне көрсетілген шарада жастарға техника мен қару-жарақтың түрлері таныстырылды. Жауынгерлер АРД кедергілер жолағынан қалай өту керек екендігін, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.
Қазақ әскерлері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері оқушыларды жауынгерлік және спорттық даярлықтағы жетістіктерімен таңғалдырып қана қойған жоқ. Балалар алғаш рет әскери қызметшілерге арналған киімдердің бірнеше үлгілерін, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларда қолданылатын қысқы киім нысаны, бүркемелеу халаттары, арнайы киім үлгісі, сондай-ақ техниканы, яғни, «Кобра» броньдалған дөңгелекті машинасын көрді.

Оқушылардың айтуынша, олар әскери қызметшілердің сабақтары қалай өтетінін өз көздерімен көргілері келіп, қызығушылық білдірді. Себебі, біршама бозбалаларға әскери өмірдің не екенін танып білуге тура келеді. «Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні алдында біз армияның тыныс-тіршілігіне білек сыбана кірісіп кетеміз. Армиядағы қызметтің қалай өтіп жатқанын көреміз, ардагерлерімізді құттықтап, алғыс білдіреміз», - деп жеткіншектер атап өтті.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Қарулы Күштерінде көптеген іс-шаралар өтетінін естеріңізге сала кетейік.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу