Қазақстан армиясында жауынгерлік даярлықтың «модульдік» жүйесі енгізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан армиясында жауынгерлік даярлықтың «модульдік» жүйесі енгізілуде

04.12.2014
Қазақстан армиясында жауынгерлік даярлықтың «модульдік» жүйесі енгізілуде

«2014 жылдың басынан бері 10810 және 28738 әскери бөлімдері жауынгерлік даярлықтың жаңа «модульдік» бағдарламасы бойынша шұғылданып келе жатқанын хабарлаған қолбасшы оның үйлестіру сапасын арттыруға мүмкіндік туғызғанын, тактикалық, арнайы даярлыққа, атыс даярлығына, жауынгерлік машиналарды жүргізуге көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

Бұл ретте әрбір әскери қызметшінің өз міндетін білуі маңызды, бөлімшелердің қолбасшылығы жеке даярлықпен айналыспайды, дайын әскери қызметшіні қабылдайды. Қорытынды оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар әскери тәртіп пен құқық тәртібі жай-күйінің жақсарғанына, сондай-ақ қамтамасыз етуші инфрақұрылымның нығайып келе жатқанына, әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігіне тиісті жағдайдың жасалғанына тоқталды.

Ағымдағы оқу жылының нәтижесі бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының үздік әскери бөлімдері мен әскери-медициналық мекемелері аталды.

 

strategy2050.kz

 

Хабарламаларға жазылу