«Qarqyn.kz» әлеуметтік дүкені бір айда 3000 отбасыны 30 000 киіммен қамтамасыз етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qarqyn.kz» әлеуметтік дүкені бір айда 3000 отбасыны 30 000 киіммен қамтамасыз етті

03.04.2019

Бір ай бұрын Елорданың сол жағалауында есігін айқара ашқан әлеуметтік дүкен, осы аралықта тұрмыс-тіршілігі төмен 3 мыңнан астам отбасының киімін бүтіндеген. Тегін дүкенге барып, бала-шағасымен киініп кететіндердің қарасы әлі де қалың.

Дүкеннің шарты – бір адамға бір киім және бір отбасына бала-шағамен айына тек бір рет киінуге рұқсат. Бұдан бөлек, қайырымды жандар әлі де киім-кешек пен азық-түлікті көптеп әкеліп жатыр екен. 

Злайханың бұл жерге осымен үшінші мәрте келуі. Қалағанын қарайды, іздегенін табады, ұнағанын киіп кетеді. Бәрі –тегін.

Бұл жерге көбіне Злайха сияқты көпбалалы аналар келеді. Бала-шағасынан бастап отағасының жоғын түгендейді. Киім-кешек, азық-түлік тіпті, үй жиһаздарын ала алады.

Ілияс Жақсымбеков, «qarqyn.kz» әлеуметтік дүкенінің директоры:

Киім өте көп. Олар бір 500 кв метрге келетін киімдер ілінген. Осы уақытқа дейін 3000 отбасыны 30 000 киіммен қамтамасыз еттік.

Әлеуметтік дүкеннен керек-жарағын әкетушілер, сырттан әкелуілер де жетерлік. Күніне бұл жерге кемі 100 адам келсе, соның жартысы қайырымдылық жасайтындар, қалғаны соларға алғыс айтатындар. 

Құралай Кинаятова, волонтер:

Бір құрбым айтқан осындай әлеуметтік дүкен бар, осы жерге өткізуге болад деп. Сондықтан, міне бүгін келіп отырмын. Бүгін осы стеллажды алып келді. Өткен жолы бір кісі ақша қалдырып кетті. 22 мың тұрады, 50 мың қалдырып кетті. Стеллаж жасатып алдық, міне. Киімдерді соған іліп жатыр. Сосын мына жерге тағы ілгіштер жасатамыз.

Өзгенің алғысын арқалап, сауапқа кенелуге Сіз де асыңығыз. Сығанақ көшесі, 15-үйге  келіңіз! 

Хабарламаларға жазылу