«Мектепке жол» акциясы бойынша 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы бойынша 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

25.09.2014
«Мектепке жол» акциясы бойынша 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

«Мектепке жол» VII республикалық акциясы жалғасуда.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бүгінде шара аясында аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 4 441 балаға көмек көрсетілді. 

Ертең «Radisson Hotel» демеушілігімен 30 балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Елорданың № 1, 2, 5, 8, 14, 23, 25, 31, 40, 57, 65, 74 мектеп оқушылары  сыртқы киіммен қамтамасыз етіледі.

Биыл 1 тамызда басталған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара қала тұрғындарын мұқтаж жандарға қолұшын созуға шақырады. 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу