Елордада «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

25.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» . Елордада осындай тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған шараға қатысушылар тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктерге тоқталды. Басқарманың қолдауымен жүзеге асқан рухани жобалар аз емес. Жыл сайын өтетін Құран оқу байқауы жастардың исламға деген сүйіспеншілігін арттыра түсуде.

Елімізде дайындалып жатқан діни кадрлар саны да ұлғайып келеді. Асыл дініміз Қазақстан Тәуелсіздігімен бірге жасасып, жаңа мешіттер мен медреселер бой көтерді. Құлшылық орындары 2 мың 600-ге жетті. Көмекке аса мұқтаж 500-ден астам отбасыны діни басқарма жаңа баспанамен қамтамасыз етті.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Оның барлығы біз өзіміздің Тәуелсіздігімізді осы әлемдік деңгейде насихаттап, әлемдік деңгейде өзіміздің бауырлас, туыс, діні бір елдерімен бірге шүкіршілік етіп, осы Тәуелсіз елімізге олардың да тілегін естіп, олардың да батасын алу үшін осындай сауапты шараны ұйымдастырып жатырмыз. Алла ниетімізді қабыл етсін. Тәуелсіздігіміз баянды болсын дегім келеді. 


Хабарламаларға жазылу