Астанадағы «Думан» мұхитаралы 3,5 миллиардқа жуық теңгеге сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Думан» мұхитаралы 3,5 миллиардқа жуық теңгеге сатылды

12.04.2016
Астанадағы «Думан» мұхитаралы 3,5 миллиардқа жуық теңгеге сатылды

«Думан» орталығы 3 403 500 000 теңгеге сатылды. Сауда бүгін аяқталды және оған екі өтініш түсті. Лоттың бастапқы бағасы 3 403 306 144 теңгені құрады.  Кепілдік жарна 63 630 000 теңге. Электронды сауда ережелерінде байқау талаптары көрсетілген. Оған сәйкес нысан сатып алынғаннан кейін оның негізгі қызметі сақталуы керек. Нақтырақ айтқанда, нысан кемінде 10 жылға дейін балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық орталығы болады.

Сонымен қатар, мұхитаралы мен «Джунгли» аттракционының қызметі қамтамасыз етіліп,  мұхитаралындағы тропикалық су жануарларына қажетті жағдайлар сақталуы керек. Бұл ретте су жануарларының келушілер үшін тартымды болуы маңызды. Ол үшін нысан қызметкерлерінің арасында тәжірибелі ветеринар, ихтиолог мамандар мен сүңгуірлер қызметі болуы қажет.

Тендер ережелерінде сонымен қатар, нысанды қайта жөндеуден өткізу, нысан аймағында аквапарк салу сияқты өзге де бірқатар талаптар қойылған.  

«Думан» өзінің қызметін 2003 жылдың мамыр айында бастады. Ойын-сауық орталығында  мұхитаралы, «Джунгли» аниматроникстер театры, зообақ-экзотариумы, тарту-таралғылар дүкені мен 5D-кинотеатры бар.

Ойын-сауық орталығы «Астананың коммуналдық мүлкі мен мемлекеттік қызметтері» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған болатын.   

Хабарламаларға жазылу