Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жандар инватакси қызметінен қағылып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жандар инватакси қызметінен қағылып отыр

13.03.2019

Мәселеге қалалық қоғамдық кеңес араласты. Оларға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мәселені жақын арада шешіп беруге уәде етті.

Мүгедектерге қызмет көрсететін такси қызметіне қатысты мемлекеттік сатып алу байқауының кешіктірілгенінен осындай келеңсіздік туындаған. Осы уақытқа дейін байқау үш мәрте жарияланған. Бір сағат қызмет көрсетуге 1740 теңге төленетін тендерге ешкім қатысқысы келмеген. Өзге өңірлерде бұл қызмет 2500-3000 теңге аралығында. Бірақ нәтиже жоқ. Бөлінген 30 млн теңге қаржы жетпейді. Сондықтан бюджетті нақтылағанда тағы қаржы сұрауға тура келеді. Тендердің сарсаңынан сурдоаудармашылар мен әлеуметтік көмекшілер де өз жұмыстарына кірісе алмай отыр.

Александр Ивкин, «Лайықты өмір» оңалту орталығының төрағасы:

- Біз инватакси қызметін жақсартуға қатысты өз ұсыныстарымызды айтамыз. Алайда, ол ескерілмейді. Мәселен, такси қызметін көрсететіндер 20 жыл болған ескі көліктерді әлі пайдаланады. Оның өзі бір-ақ компания. Қарамағында 5 автомобиль ғана бар. 1 наурыздан бері таксисіз қалдық.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу