Жекешелендіру бағдарламасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендіру бағдарламасы таныстырылды

28.03.2019

Жекешелендірудің екінші толқынына Біріккен Араб Әмірліктерінен инвесторларды тарту. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бастаған қор қызметкерлері «Nasdaq Dubai MarketSide» алаңында инвесторлармен кездесу өткізді. Онда  қордың жекешелендіру бағдарламасы  таныстырды.  

Атап айтсақ, биыл  жетекші байланыс операторы «Қазақтелеком»  мен ұлттық әуе тасымалдаушысы  «Эйр Астана» компаниялары, ал келесі жылы  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биржаға шығарылатыны айтылды.  «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай араб инвесторлары жекешелендіру бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірген.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

Қор стратегиясына сай біздің ірі компанияларды IPO-ға шығару туралы шешім қабылданған. Өткен жылы біз қазатомөндіріс компаниясын алғаш болып шығардық.  Қазір бес айдың ішінде акциялар бағасы 25 пайызға өсті.  Келесі жылы IPO-ға  ұлттық мұнай газ компаниясы жылына 25 миллион тонна мұнай өндіретін ірі компания.

Дулат АБИБАЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу