«Дені сау бала – дені сау жанұя» жобасы жемісін беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дені сау бала – дені сау жанұя» жобасы жемісін беруде

04.02.2016
«Дені сау бала – дені сау жанұя» жобасы  жемісін беруде
Қарағандыдағы №1 емханада өткен ашық есік күнінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көпшілікке таныстырылды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2010 жылы қолданысқа енгізілген «Дені сау бала – дені сау жанұя» жобасы жемісін беруде. Қарағандыдағы №1 емханада өткен ашық есік күнінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көпшілікке таныстырылды.

Өңірде жыл сайын орташа есеппен 25 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Нәрестенің дені сау болып өмірге келуіне, кейін дұрыс өсіп жетілуіне ата-ана мен дәрігерлердің бірлесіп ықпал жасауы - ең тиімді тәсіл, дейді мамандар.

Мұндай қамқорлықта өскен бала аурушаң болмайды және ашық мінезді келеді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу