Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады

22.06.2021

Елімізде мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында айтты. Түрлі салаларға жеке-жеке тоқталған ол көлік нарығындағы бәсекелестікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Айтуынша, жүк темір жол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту маңызды. Ол үшін 4 кодекс пен 6 заңға түзетулер енгізу көзделген. Заң жобасы Үкіметте таныстырылды. Ол экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Ұсынылған заң жобасы жаңа тәсілдерді іске асыруды қамтиды. Заң жобасы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік және экономикалық кедергілерді жоюға бағытталған. Заң жобасында ұсынылған шараларды іске асыру таяу келешекте мемлекеттің ел экономикасындағы қатысу үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу