Санкт-Петербургте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды

21.11.2017

Қазақ мәдениеті қазір жоғары деңгейде дамып жатыр. Бұған Санкт-Петербургтегі халықаралық мәдени форум аясында өнер көрсеткен қазақ әртістеріне деген құрмет дәлел. Бұл шараға елімізден барған делегация өз сапарын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиында Қазақстанда іске асырылып жатқан мәдениет саясаты мен осы саладағы ауқымды жобалар сөз болды. Сонымен қатар, ресейліктер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасымен кеңірек танысты. Журналистердің сұрақтарына жауап берген отандық мәдениет және өнер саласының өкілдері  «Туған жер», «Сакральды Қазақстан», «Жүз жаңа есім» сияқты жобалардың жай-жапсарын айтып берді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Бұл бағдарламаны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде үлкен қызығушылықпен қарап жатыр. Жалпы, рухани дамуға, рухани келешекке ұмтылысқа арналған бағдарлама сирек қабылданады. Қазақстанда қабылданып жатқан тарихи бағдарламаның дүниежүзінде кеңінен қызығушылық тудырып жатқанына қуаныштымыз.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу