«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөнді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөнді

28.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөнді. Үш тәулік бойы жанған от кеше түнде өздігінен өшкен. Естеріңізге сала кетейік, 13 наурыз күні «Қаламқас» кен орнында ұңғымалардың бірін бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылаған.

25 наурызда су аралас газ келесі ұңғымаға ауысып сол жерде өрт шыққан болатын. Жалынның биіктігі 10 метрге дейін жетті. Отты сөндіруге төтеншеліктер мен өзге де арнайы құрылымдар жұмылдырылды. Атырау қаласынан да қосымша арнайы техника алдырылды. 

Гүлнар Ходжабекова,  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:

28 наурызда 02 сағат 05 минутта Елорда уақытымен газды сулы фонтан өздігімен тоқтатылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Семсер» өрт сөндіруші ЖШС айналасындағы қауіпсіздік посттарды ұйымдастырып, қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары алындын алуда.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу