Қаламқас кен орнында өрт шығып, 3 адам күйіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламқас кен орнында өрт шығып, 3 адам күйіп қалды

16.10.2014
Қаламқас кен орнында өрт шығып, 3 адам күйіп қалды

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында мұнай бұрғысынан өрт шығып, 3 адам күйіп қалды.

Төтенше жағдай бұрғыны газбен дәнекерлеу барысында болған.

Жарақаттанғандарды санавиация қызметі тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізді. 

Барлығына реанимация бөлімінде шұғыл көмек көрсетілді. Қазір екі адам травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу