«Қаламқас» кен орнындағы апат шығыны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаламқас» кен орнындағы апат шығыны анықталды

15.04.2019

 

«Қаламқас» кен орнында болған апаттан қоршаған ортаға 98,7 млн. теңге көлемінде залал келтірілген. Зертханалық сынамалар қорытындысы бойынша ауаға формальдегид пен түтін, метан, аммиак, фенол тарағаны анықталды. Ал, топыраққа мыс пен темір сіңген. Облыстық экология департаментінің мамандары осылай деп отыр. Тексеріс нәтижесінде 4 әкімшілік іс қозғалды.

Жауапқа тартылғандар 1 млн. 500 мың тенгеден астам айыппұл төлейді.  Департаментпен  экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ұсыныс жолданған. Енді  экологиялық аудит жүргізу міндеттелмек. Айта кетейік, 25 наурыз күні  Маңғыстау ауданындағы «Қаламқас» кен орнында ұңғымадан шыққан газ жанып, апаттық жағдай орын алған еді. Қызыл жалын 3 күннен соң сөндірілді. 

Руслан Төкенов, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Бұрғылау жұмыстарын жүргізген «Себу» ЖШС-не міндеттеме қойдық. Яғни, олар маусым айына дейін апат болған жердің салдарын жойып, қоршаған ортаға келтірілген лас топырақтарды, суларды тазалау жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауы тиіс. Сонымен қатар, бізбен берілген мемлекеттік сараптама қортындысы және экологиялық рұқсат құжаттары сот тәртібімен күшін жою жұмыстарын біз қолға алып жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу