Алматы – қазақ азаттығының жылнамасы басталған қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы – қазақ азаттығының жылнамасы басталған қала

20.03.2019

Алматы – қазақ елінің егемендігі мен азаттығының жылнамасы басталған қала. Мемлекеттің ең алғашқы құндылығы - Ата заң осы мегаполисте қабылданды. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер мен төл теңгеміз де оңтүстік астанада бекіді. Сондықтан, осы істердің басында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолда еткен еңбегі елдің жадында сақталады. Азаттықтың алтын арқауына айналған Алматыда Елбасының егемендік жолында жүйелі жүзеге асырған жұмыстар тізбегін тілші Нұрлан Асқарұлы әңгімелейді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Жоғарғы кеңес залында қабылданды. Сол сәтте Жоғарғы кеңестің  300-ден аса депутаты маңызды заңды қолдап, бірауыздан дауыс берді. Осылайша, Тәуелсіздік декларациясы қабылданды.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу