Алматыда ҚМДБ өкілдері көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ҚМДБ өкілдері көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді

11.03.2019

Осындай қайырымдылықтың шарапатын көрген «Нұр-Мүбәрак» университетінің 1-курс студенті, көпбалалы отбасыдан шыққан Аяна Шора. Енді діни басқарма басшылығы тәлімгердің оқу ақысын түгел төлеп бермек.

Бұл игі бастама Елбасының жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созу туралы тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондықтан тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуге арналған ілкімді істер одан әрі жалғаспақшы. 

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласындағы Орталық мешіттің бас имамы:

- Көпбалалы отбасыларға сыйлықтар жасайық, оларға бір кішкене болса да демеушілік көрсетейік, олардың көңілінің көтерілуіне, балаларды тәрбиелеуге үлесімізді қосайық деген ниетпен шара өтіп жатыр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу