Алматыда мұқтаж отбасыларға 50 пәтерлі үй берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мұқтаж отбасыларға 50 пәтерлі үй берілді

20.12.2021

Алматыда мұқтаж отбасыларға арналған «Мейірім мекені» атты 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Нысанды жеке кәсіпкер өз қаржысына салған. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері мен белгілі өнер қайраткерлері қатысты. Алғашқы болып арнайы құрылған комиссияның шешімімен алты отбасы пәтерге қоныстанды. Олардың арасында көп балалы отбасылар мен тағдыр тәлкегін тартқан азаматтар бар. Ғимарат соңғы үлгідегі талаптарға сай салынған. Бөлме іші толық жиһазбен жабдықталып, ыстық және суық суы, жуынатын бөлмелері бар.

Нұрбек Әуесханұлы, ҚМДБ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

Бұл толықтай олардың меншігіне өткізіліп берілмейді. Отбасылар өздерінің жағдайы жақсарғанша қолданып, одан кейін өткізіп беруі қажет болады. Коммуналды төлемі, жылуы, жарығы, суы барлығы кәсіпкер азаматтың қолдауымен төленеді.


Хабарламаларға жазылу