ҚМДБ көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді

06.03.2019

Тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы 50 отбасыға көмек көрсетілді. «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры астаналық жанұяларға тұрмысқа қажетті азық-түліктер таратты. Азық-түліктің бар қаражаты қарапайым халықтан келіп түскен. Бұған дейін республика бойынша 25 мың шаңыраққа қолғабыс көрсетті. Сондай-ақ, шараның мақсаты жомарт жандарды игі, сауапты іс-шараларға белсенді үлес қосуға үндеу. Алдағы уақытта да мұқтаж жандарға жәрдем беру жалғасады. Көмек алушы азаматтардың әлеуметтік жағдайы туралы ақпараттар қайырымдылық қордың электронды базасында көрсетілген. Қол ұшын созамын деушілерге ғаламтор арқылы байланысуына мүмкіндіктер жасалды.  

Бауыржан Есмахан, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти:

- Бұл қайырымдылыққа қаражат қалай жиналады? «Зекет» қорына тікелей байланысады. Зекет қорының есеп шотына аударады немесе зекет қорына «Маған қандай зат алып беру керек, қандай киім кешек, азық- түлік алып беру керек, қандай мектеп құралдары керек, біз алып берейік»- дейді. «Бірақ, біздің аты-жөнімізді айту шарт емес, «Зекет» қорының атынан табыстаңыздар», деп айтып жатады.

Гүлдана Амангелдіқызы, Астана қаласының тұрғыны:

- Қара халық адамдарға көмек беріп жатқандарына алғысым шексіз. Өзімнің 4 балам бар, ішінде 1 қызым мүгедек. Осындай жиынға шақырып, көмек беріп жатқанына алғысым шексіз.

 Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу