Оңтүстік Қазақстан облысында көмекке зәру жандардың электронды базасы құрылды (толығырақ)

04.08.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында  көмекке зәру жандардың электронды базасы құрылды (толығырақ)

Оңтүстік Қазақстан облысында   әлеуметтік көмекке зәру жандардың тізімі алынып, электронды базасы жасалды.

Осы арқылы  дін өкілдері мүгедектер мен мұқтаж адамдарға, сондай-ақ, жетім балаларға қолұшын созбақ. Рамазан айында қолға алынған  бұл шара  өзінің тиімділігін дәлелдеп  үлгерді. 

Тізімге іліккен 3577 азамат пітір садақа мен қайырымды жандардан түскен  107 миллион теңгеден көмек алған.

Сұранысы бойынша кейбірі  азық-түлік пен киім кешек алса, енді біріне тұрмыстық техника берілді.

Сондай-ақ, мектеп жасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 400 жасөспірімге мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына ойыншықтар сыйға тартылды.

Дін өкілдері осылайша, жеткіншектерге  Рамазан айының ерекше мереке екенін көрсеткісі келген. Енді  бұл жобаны одан әрі дамытып, көмек көлемін көбейтпек. 

Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары:

Кейбір отбасыларға тоңазытқыш, кейбіріне желдеткіш, теледидар керек болды. Сондай-ақ, 10 түрлі азық-түлік таратылды.

 Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу