«Жас сарбаздар» ұйымының шәкірттері ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас сарбаздар» ұйымының шәкірттері ант қабылдады

25.02.2019

Шымкент қаласындағы «Жас сарбаздар» ұйымының шәкірттері ата-аналары, ұстаздары және қатарластары алдында әскери ант қабылдады. Салтанатты жиында жас сарбаздар саптық жүріс, қаруды бөлшектап жинау секілді әскери машықтарды көрсетті.

Әскери-патриоттық бағыттағы осындай сыныптар бүгінде Шымкент қаласында 10 жалпы білім беретін мектепте жасақталған. Оған әзірге 265 оқушы мүше. Бұл сыныптардың ерекшелігі - балалар алғашқы әскери дайындық, дене шынықтару, ағылшын тілі және информатика пәндерін тереңдеп оқиды. Ұйымға негізінен 7-сынып оқушылары қабылданды. Олар мектеп ішінде өзінің жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және оқу үлгерімімен өзге қатарластарына үлгі болуы керек. Мұндай талап биігінен көріне алмағандар, тәртіп бұзғандар ұстаздардың шешімімен өзге сыныпқа ауыстырылады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу