Алматыда жас сарбаздар ант қабылдады

27.11.2017

Биыл Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметіне - 25 жыл. Осыған орай, Алматыда аталған құрылымның қатарына жас сарбаздар қабылданды. Олар Отан алдындағы борышы мен Президентке адал қызмет етуге ант берді. Салтанатты шараға жергілікті билік пен қоғам қайраткерлері, сала ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты. Әскерилердің сөзінше, күзгі әскери науқанға шақыру кезінде 2500-ден астам азамат келген. Ал, күзет қызметіндегі бір орынға 9 сайдың тасындай мығым жігіттер іріктелген. Барлығы жоғары білімді әрі спорттық жетістіктері бар талапты жастар.

Қайрат Тарин, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Батыр»  Президент полкінің майоры:

- Республиканың әр аймағынан шақырылған 295 сарбаз ант қабылдады. Жастар барлық талаптарды орындап шықты. Физикалық жаттығулар мен моральдық-психологиялық дайындықтан өтті. Көрсеткіштеріне көңіл толады. Әскери тәртіпке сай жарамды сарбаздар.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу