Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдында есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдында есеп берді

20.02.2019

Әр сала бойынша өсім бар. Елбасы берген тапсырмалар толығымен орындалған. Өңір қант қызылшасын қарқынды түрде өндіріп, жүгері алқаптарын кеңейтті. Жетісу шаруалары былтыр 442 мың тонна тәтті түбір алып, Көксу және Ақсу қант зауыттары 42 мың тонна қант өндірген.

Жалпы, өңірлік өнім 3,5 пайызға өсіп, 2,7 трлн теңгеге жетті. 574 млрд теңге инвестиция тартылып, 31 мың жұмыс орны құрылды. Десе де, әлі шешімін таппаған мәселер де бар. Алматы облысы үш ауысымды мектептер саны бойынша республикада көш бастап тұр. Оның басты себебі ел ішіндегі миграция және халықтың табиғи өсуі.

Ақан Әбдуәлиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жақын арада көктем айлары басталған кезде тағы да 15 мектептің барлық құжаттары дайын болып, құрылысы басталады. Одан кейін 8 мектепке тағы да сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Сөйтіп 2021 жылға дейін 34 мектептің мәселесі толықтай шешіледі.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу