Амандық Баталов: Алматы облысында 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амандық Баталов: Алматы облысында 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады

20.02.2015
Амандық Баталов: Алматы облысында 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады

Қорғас шығыс қақпасындағы «құрғақ» порт, «Алматы-Өскемен» тасжолы, Семей-Өскемен-Ақтоғай-Талдықорған» жоғары вольтты электр желілері сияқты жобалар Алматы облысы өркендеуі үшін жасалып жатқан игі бастамалар.

Тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов жылды қорытындылай отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Облыс орталығында құрылыс қарқын алады. 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, басқа да нысандар бой көтереді.

Талдықорғанға газ магистралі тартылуда. Өңірдегі өзекті апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу