Қызылжарда коммуналдық қызметтер қалың қарды тазалап үлгермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда коммуналдық қызметтер қалың қарды тазалап үлгермей жатыр

24.01.2019

Жүргіншілер жолы уақытылы аршылмай қалды. Көшелердің ортасында да қар тау-тау болып үйіліп жатыр. Күн сайын 60 техника шығарылса да, шама жетер емес. Мамандардың айтуынша, биыл қар мөлшерден көп түсті.

Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ бөлімінің қызметкері:

- Биыл қала бойынша 10 мекеме қар тазалауы тиіс. 150 техника жұмыс істейді. Көктайғаққа қарсы құм-тұз қоспасы себіліп жатыр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу