Өскеменде қалың қарды коммуналдық мекемелер тазалап үлгермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қалың қарды коммуналдық мекемелер тазалап үлгермей жатыр

14.12.2022

Өскеменде қалың қар жауып, кешеден бері қалада қозғалыс қиындады. Шығыстың бас шаһарындағы қарды тазалуға 86 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылған. Алайда олар күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істесе де үлгермей жатыр.

Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін Өскемен мен Глубокое ауданындағы орта мектептердегі барлық сыныптар сабақты онлайн оқып жатыр. Тіпті шеткі шағын аудандарға әлі дұрыс жол жоқ. Қоғамдық көліктер кестеге сай жүрмегендіктен, бүгін тұрғындардың көбі жұмыстан кешікті. Ал аялдамалардың көбін қар әлі басып жатыр.

Болат Мүскенов, автобус жүргізушісі:

Бүгін бізде қаншама жүргізуішілер шыққан жоқ. Өйткені оның бәрі жасқанады. Жолға сыймайсың. Жолдың бәрі тар. Аялдамада айнала алмайсың. Алдыға артқа жүресің. Аяладамдарда тайғақ. Мен осы жолы жол апатына түстім.

Асхат Тәженов, «Таза өскемен» КМК директоры:

Соңғы 2 аптадан бері қар күнара толауссыз жауды. Ал кешеден бері оның қалыңдығы 1 метрге жетті. Дәл мұндай қар 5-6 жыл бұрын болған. Сондықтан 4-5 жылда бір рет көп түсетін қар үшін техниканың санын көбейту тиімсіз. Тұрғындар сәл шыдамдылық танытса,  1-2 күнде бәрі реттеледі.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу