Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты автобустар кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты автобустар кешігіп жатыр

17.04.2023

Бүгін қалың қар астаналықтарды да әбігерге салды. Таңнан бері қала көшелерінде көліктер қар құрсауында қалып қойды. Негізгі көшелер мен мен жаяу жүргіншілер жолы тазаланбаған. Қалың жауған күртік қардан көлік жүрісі де қиындаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері қашықтан оқып жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Елордалықтарға сәуір тосынсый жасағандай. 3 тәулік ішінде 37,6 мм қар түскен. Қыстың күнгі 1 айлық нормасы - 22 миллиметр. Әсіресе, аулалардан шығалмай тұрған көліктер көп. Автобустардың жүру интервалы да ұзарып кеткен. Ұзақ күту керек. Аялдамаларда адам өте көп.

Ал коммуналдық қызмет қалың қарды тазалап үлгермей жатыр. Әкімдіктің берген ақпарат бойынша, кеше тазалау жұмыстары 2,2 мың жұмысшы және мыңға жуық техника шыққан. 24 мың текше метр қар шығарылған. Әуе рейстері кешіктірілуде.


Хабарламаларға жазылу