Өскеменді қалың қар басып, қозғалыс қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменді қалың қар басып, қозғалыс қиындады

14.12.2022

Өскеменді қалың қар басып, қозғалыс қиындады. Қоғамдық көліктер жүре алмай жатыр. Трамвайлардың рельстен шығып кету жағдайы көбейген. Қолайсыз ауа райына байланысты Өскемен мен Глубокое ауданындағы мектептерде барлық сыныптар үшін сабақ онлайнға көшірілді.

Коммуналдық мекемелер барлық техниканы жұмылдырып, күндіз- түні тоқтаусыз жұмыс істесе де, қар тазалап үлгермей жатыр. Аймақта бірқатар жол жабылған.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу