«Самұрық-Қазына» қоры 2018 жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» қоры 2018 жылды қорытындылады

21.01.2019

Өткен жылдың басты жетістігі – «Қазатомөндірістің» xалықаралық IPO-ға шығуы. Одан түскені 451 миллион АҚШ доллар. Аталған қаржы ұлттық қорға аударылды. Жалпы алғанда, группаның қарызы 1 триллион теңгеге дейін қысқарған. Мәселен, ішкі қарыз 3,2 миллиард долларға қысқарса, дебиторлық қарыз 331-ден 66 миллиардқа дейін азайды. «Самұрық-Қазынаның» таза табысы былтыр 37 пайызға өсіп, 820 миллиард теңге болды.

Басқосу барысында алдағы жылда атқарылар бірқатар жобалар да сөз болды. Соның ішінде, Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы аясында қолға алынған «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы бар. Аталған жоба бойынша 1,7 миллион адам табиғи отынға қол жеткізбек.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының АҚ Басқарма төрағасы:

- Тұтастай алғанда біраз жұмыс нәтижелі болды. Сонымен бірге, биылғы атқарылар шаралар жеткілікті. Осы мәселелерді бүгін бірге зерттеп, тиісті шешімдерді қабылдауымыз қажет.  

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу