Қызылордада  230 отбасы қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада  230 отбасы қоныс тойын тойлады

28.12.2017

Қызылордада  4 тұрғын үй пайдалануға берілді.  Баспана «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы арқылы салынған.  Кезекте тұрған 230 адамға пәтер кілті табыс етілді.  Олардың қатарында Руслан Арыстанбеков те бар. 3 балалы отбасы 3 бөлмелі пәтерге ие болды.  Арыстанбековтер жанұясы енді Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады. 

Руслан Арыстанбеков,  Қызылорда қаласының тұрғыны: 

- Армандап жүрген баспанамызға қол жеткіздік. Осындай жастарға қолдау көрсетіп жатқанына рахмет айтамыз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу