Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды

29.03.2021

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Елбасы бұрынғы төраға Ахметжан Есімовке атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев осы уақыт ішінде ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.

Премьер-Министр Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды.

Алмасадам Майданұлы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «механик, қолданбалы математик» мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Энергетика мұнай тасымалдау мен электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияларда лауазымды қызмет еткен. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болып келді.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу