Синоптиктер қатты аяздың әлі сақталатынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синоптиктер қатты аяздың әлі сақталатынын ескертті

25.12.2018

Қарағанды облысының кей өңірінде үскірік жел тұрып, ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде 1-9 сыныпқа дейін сабақ болмайды. Сондай-ақ, Қарағанды-Павлодар бағытындағы жол жабылды.

Төтенше жағдай қызметі алысқа сапар шеккенде абай болуды ескертеді. Құтқарушылар кеше жолда көлігі сынған 3 жолаушыны құтқарды. Синоптиктер алдағы 2 күнде саршұнақ аяздың әлі сақталатынын ескертеді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу