Өңірлерде қар жауып, шаңды дауыл тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде қар жауып, шаңды дауыл тұрды

27.09.2021

Табиғаттың тосын мінезі. Нұр-Сұлтан-Бурабай трассасына жауған қардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрлардан жолдың қардан дұрыс көрінбейтінін байқауға болады. Ал видео авторы Щучинск-Нұр-Сұлтан бағытымен келе жатқанын айтады. Синоптиктер 27 қыркүйек күні ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендейтінін бұған дейін ескерткен еді. Сондай-ақ, Алматыда қатты дауыл тұрып, шахардың көп бөлігін шаң-тозаң басты. Салдарынан көліктердің жүрісі қиындап, жүргізушілер шағымданды. Синоптиктер шаңды дауыл жаз және күз айларында жиі болатын табиғи құбылыс екенін және ол 30 қыркүйекке дейін сақталатынын айтты. Тұрғындарға бұл жөнінде ескерту берілген.


Хабарламаларға жазылу