Ел аумағынан мұнай өнімдерін шетелге шығаруға тағы тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағынан мұнай өнімдерін шетелге шығаруға тағы тыйым салынуы мүмкін

06.04.2022

Ел аумағынан мұнай өнімдерін шетелге әкетуге тағы тыйым салынуы мүмкін. Осы мәселеге қатысты бірлескен бұйрық Ашық үкімет порталына жарияланды. 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Мұнай өнімдерін көлікпен экспорттауға бұған дейін де тыйым салынған. Оның ішінде жанар-жағармай, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің тағы жекелеген түрі бар. Дегенмен жанармайды көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда тасымалдауға рұқсат бар. Бұл ішкі нарықта өнім тапшылығының туындауына жол бермеу үшін жасалды. Айта кетейік, былтыр елде бензин экспорты 5 есе азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы шетелге 30 348 долларға жанармай сатылған. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу