Тұңғыш Президент күніне орай «Жас-Ай» ғылыми-сараптамалық журналы өз сыйын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент күніне орай «Жас-Ай» ғылыми-сараптамалық журналы өз сыйын жасады

30.11.2018

Танымдық журналдың мерейтойлық санында Президент Жолдауындағы денсаулық сақтау саласына қатысты айтылған пікірлері жарияланыпты. «Жас-Ай» халықаралық медициналық орталығының басшысы Жасан Зекенұлы бұған дейін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап журнал шығарған болатын. Бүгінгі жаңа басылыммен қатар «Елдік пен Ерлік», «Сократ Альманағы», «Бел омыртқа ауруларының диагнозы және оны тиімді емдеудің жолдары» атты кітаптардың да таныстырылымы өтті. Медициналық тақырыптағы туындылар жоғары оқу орнындағы студенттерге арналған. Қалғандары еліміздің барлық кітапханаларына таратылады. 

Жасан Зекейұлы, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі:

- Елім, жерім деген отансүйгіш кәсіпкер болсын, үкімет адамы болсын, ешбірі жайдан-жай қарап қалмауы керек. Бұл Елбасы туралы үшінші кітап. «Тәуелсіздік тағдыр сыйы» деген кітапты сыйлаған болатынбыз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу