Қазақстанның білім саласындағы алғашқы Еңбек ері Аягүл Миразова 70 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның білім саласындағы алғашқы Еңбек ері Аягүл Миразова 70 жасқа толды

20.11.2018

Елімізге белгілі ұстаз, Қазақстанның білім саласындағы алғашқы Еңбек ері Аягүл Миразова 70 жасқа толды. Осыған орай, ұлағатты ұстаз 25 жыл қызмет еткен мектеп ұжымы бір айлық мерекелік шара өткізуді бастады. Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасын Аягүл Төреқызы ширек ғасыр бойы басқарған. Осы жылдар ішінде аталған оқу ошағы еліміздегі ең мықты білім мекемесінің біріне айналды. Сол себепті, оған мектеп түлектері мен белгілі тұлғалар қатысып, мәртебесі биік мұғалімді арнайы құттықтады. Олар осындай мамандардың ерен еңбегінің арқасында елімізде мұғалімге деген құрметтің артатындығын жеткізді.

Эльмира Бидайбекова, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия директоры:

- Аягүл Төреқызының сіңірген еңбегін насихаттау барысында үлкен жұмыстарды бастап жатырмыз. Ол кісінің мектеп үшін, жалпы, білім саласы үшін сіңірген еңбегі шәкірттеріміздің есінде мәңгілік сақталса екен деген үміттеміз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу